12.01.2009, 15:24 2792

Ақтөбе облысындағы газ кенішінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысындағы газ кенішінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде екі адам қаза тапты

Ақтөбе. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысындағы газ кенішінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде екі адам қаза тапты, бірнеше адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Байғанин ауданындағы Жаңажол газ өңдеу зауытынан 60 шақырым жерде 10 қаңтарда болған. Бір топ жұмысшы "Октябрьскнефть" мұнайгаз өндіру басқармасының "Северная труба" кенішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сағат 17 шамасында көлемі 50 текше метрлік мұнай құятын ыдыста қысымсыздық салдарынан жарылыс болған.

Оқыс оқиға орнында 56 жастағы дәнекерлеуші мен 25 жастағы слесарь қаза тапты. Тағы бірнеше жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себебін зерттейтін комиссия құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны