18.08.2011, 13:08 3214

Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарының бірінде жұмысшы қаза тапты

"Батысдиамех" ЖШС-ның 37 жастағы жалдамалы жұмысшысы оқиға орнында қайтыс болды.

Астана. 18-тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарының бірінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Шығыс Ақжар кен ошағында салынып жатқан сұйық сақтайтын қоймада құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында табақшалы металл кескінінің бумасы жұмысшыны басып қалған.

"Батысдиамех" ЖШС-ның 37 жастағы жалдамалы жұмысшысы оқиға орнында қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны