05.12.2011, 13:54 3021

Ақтөбе облысындағы шахтада үстіне топырақ құлап, заржап шеккен екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында "Қазхром" трансұлттық компаниясына тиесілі Дөң кен-байыту комбинатының екі жұмысшысы зардап шекті.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысындағы шахтада үстіне топырақ құлап, заржап шеккен екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы Хромтау ауданында "Қазхром" трансұлттық компаниясына тиесілі Дөң кен-байыту комбинатының екі жұмысшысы зардап шекті.

Жексенбі күні күндіз, Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл атындағы шахтада тау кесегінің құлауы салдарынан 35 және 18 жастағы екі жұмысшы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны