24.05.2012, 02:11 2779

Ақтөбе облысының қатаң режімдегі түзеу мекемесінде 5 адам иіс тиіп уланып, олардың екеуі көз жұмды

Кеше Мұғалжар ауданының Жем қаласында орналасқан қатаң режімдегі түзеу мекемесінде қоймаларда жоспарлы шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде 5 адам белгісіз газбен, болжам бойынша метан газымен уланды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының қатаң режімдегі түзеу мекемесінде 5 адам иіс тиіп уланып, олардың екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Мұғалжар ауданының Жем қаласында орналасқан қатаң режімдегі түзеу мекемесінде қоймаларда жоспарлы шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде 5 адам белгісіз газбен, болжам бойынша метан газымен уланды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің сөзіне қарағанда, оқиға тұздалған қырыққабаттан босаған күбілерді тазалау кезінде болған.

Зардап шеккендердің ішінде КА-168/5 жалпы мәселелер бойынша басшының орынбасары, қойма меңгерушісі мен 3 жұмысшы бар.

Ембі қаласының ауруханасына барар жолда "Жедел-жәрдем көрсету" көлігінің ішінде есін жимастан 43 және 39 жастағы екі жұмысшы көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаның жағдайы анықталуда. Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Соттық-сараптама белгіленді.

Оқиға орын алған жерге ішкі істердің аудандық бөлімшесі мен аудандық прокуратура барды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны