25.08.2006, 10:54 3059

Ақтөбе және Қарағанды облыстарында далалық өрттер сөндірілді

АСТАНА. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында далалық өрттер сөндірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласынан 20 шақырым жерде Өлке ауылында 24-тамызда 15 сағат 45 минутта 2500 гектар аумақты шарпыған далалық өрт шықты. Жалын 20 сағат 28 минутта шоғырландырылып, 21 сағат 55 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 25 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен бірге Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында Жаңатоған ауылдық округінде 23-тамызда 16 сағатта 9800 гектарда далалық өрт шықты. Жалын 17 сағат 40 минутта шоғырландырылып, 18 сағат 20 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны