24.09.2010, 14:18 2897

Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 520 гектар алқап өртке оранды

Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 520 гектар алқап өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 520 гектар алқап өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек,кеше сағат 18.00 Ақтөбе облысы Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінде өрт шыққан. Тілсіз жау 200 гектар жеріді шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіруге облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 12.30 Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Семияр ауылдық округінің Ой-Қарағай-Мұқатай кентінде 320 гектар далалы алқап өртке оранған. Тілсіз жауды құрықтау тек бүгін сағат 06.00 ғана мүмкін болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаумен күресуге облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 4 техникасы, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" Мемлекеттік мекемесінің 73 адамы мен 32 техникасы, жергілікті 10 тұрғын мен олардың 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны