03.07.2007, 10:04 1426

Ақтөбе және Жамбыл облыстарында далалық өрттер сөндірілді

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе және Жамбыл облыстарында далалық өрттер сөндірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округінде 2-шілдеде 12 сағатта далалық өрт шықты. 400 гектар аумақты шарпыған өрт келесі күні 1 сағат 20 минутта сөндірілді. Өртті ауыздықтауға өртке қарсы күрес қызметінің 18 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен бірге Жамбыл облысы Шу ауданында, Далақайнар ауылдық округінде 2-шілдеде 13 сағат 10 минутта дала өртенді. 2 мың гектар аумақтағы өрт 18 сағат 25 минутта сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 31 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны