12.01.2011, 13:11 3483

Ақтөбеде 10 қабатты үйде өрт шығып, 20 адам, соның ішінде 5 бала құтқарылды - ТЖМ

Ақтөбеде 10 қабатты үйде өрт шығып, 20 адам, соның ішінде 5 бала құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 10 қабатты үйде өрт шығып, 20 адам, соның ішінде 5 бала құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, өрт сейсенбі, 11 қаңтар күні сағат 17.00-де тұрғын үйдің электр торабынан шыққан. Кейін жалын №1-ші пәтерге тараған.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 16 адамы мен 4 техникасының күшімен 55 минутта ауыздықталды. Оттың шарпыған жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрады.

Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны