03.07.2010, 13:51 3193

Ақтөбеде 1,1 мың гектарды шарпыған екі дала өрті шықты

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, Шалқар ауданы Берсігүр ауылдық округінде шілденің 2-сі күні, бір күн бұрын басталған далалы алқаптағы өрт сөндірілді. Жалынның аумағы 425 гектарды шарпыды.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today Ақтөбеде 1125 мың гектарды шарпыған екі дала өрті шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, Шалқар ауданы Берсігүр ауылдық округінде шілденің 2-сі күні, бір күн бұрын басталған далалы алқаптағы өрт сөндірілді. Жалынның аумағы 425 гектарды шарпыды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайды жоюға Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы мен ерікті өрт сөндірушілер құрылымы жұмылды.

Ал Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Ордабайтоғай өлкесінде дала өрті екі күнге жалғасты. 700 гектар аумақты қамтыған тілсіз жау шілденің 2-сі күні ауыздықталды.

Тілсіз жауды сөндіруге Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы, ерікті өрт сөндірушілер құрылымы мен жергілікті халықтың техникалары тартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны