12.06.2013, 12:01 3142

Ақтөбеде 1,5 жасар сәби екінші баланың өліміне себепкер болды

Анықталғандай, әкесі мен 1,5 жастағы балдырған "Ниссан Максима" көлігімен қонаққа келген. Қараусыз қалған бала көліктің оталдыру тетігіндегі кілтті бұрап, орнынан қозғала бастаған машина велосипед мінген 4 жасар баланы қағып кеткен.

Ақтөбе. 12-маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 1,5 жасар сәби екінші баланың өліміне себепкер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе қаласында Түрксіб көшесінде велосипед мінген 4 жасар бала қаза болды. Оның өліміне кішкентай бүлдіршін себепші болған.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Анықталғандай, әкесі мен 1,5 жастағы балдырған "Ниссан Максима" көлігімен қонаққа келген. Қараусыз қалған бала көліктің оталдыру тетігіндегі кілтті бұрап, орнынан қозғала бастаған машина велосипед мінген 4 жасар баланы қағып кеткен.

Салдарынан басы жарақаттанған, жамбасы сынып, ішкі ағзалары зақымданған бала темір жол ауруханасына жеткізілді. Бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бүгінде аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны