18.02.2008, 13:48 2835

Ақтөбеде есірткі саудалады деген күдікпен зейнеткер ұсталды

Ақтөбеде есірткі саудалады деген күдікпен зейнеткер ұсталды

Ақтөбе. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбенің полиция қызметкерлері есірткі саудалады деген күдікпен бір зейнеткерді ұстады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 16 ақпанда есірткіге қарсы күрес жөніндегі полиция қызметкерлеріне шұғыл түскен ақпараттан кейін, олар есірткі заттарының саудасымен айналысқан, облыс орталығының бұрын сотталған 70 жастағы тұрғынын құрықтады.

Анықталғанындай, "егде жасқа келген ер адам клиенттерімен алдын- ала телефон арқылы хабарласып, есірткіні беретін орын мен уақытты белгілеп отырған".

"Прокурордың санкциясымен үй тексерілген кезде 4,65 грамм героин табылды. Бүгінгі кезде 259 баптың 4 тармағы бойынша қылмыстық істі қозғау және күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылуда", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері "Есірткіге тосқауыл" шұғыл-профилактикалық шараларын жүргізу барысында 27 есірткі қылмысын анықтап, 1 келі 300 грамм есірткі затын, оның ішінде 20 грамм героин тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны