26.05.2010, 13:06 4812

Ақтөбеде есірткіні тура дүкенде саудалаған әйел 11 жылға сотталды

Ақтөбеде есірткіні тура дүкенде саудалаған әйел 11 жылға сотталды

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбеде есірткіні тура дүкенде саудалаған әйел 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ақтөбедегі ірі сауда дүкендерінде есірткі саудасымен айналысқан 52 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Заңсыз кәсібін жолға қойған әйелдің айла-шарғылары полиция қызметкерлерінің өзін таң қалдырып отыр. Қаланың қақ ортасындағы дүкендердің бірінен орын алған ол есірткіні кәмпит орайтын қағаздың ішіне салып сатқан. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жылтыр қағазды орамдардан героин тапты. Оңай олжаға құныққан әйел бір күннің ішінде 15 мыңның заңсыз тауарын саудалап үлгерген. Көп ұзамай қолға түскен күдіктінің пәтерін тінту кезінде 70 грамм героин тәркіленді. Енді сот шешімі бойынша ол 11 жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Бірақ ол жасаған қылмысын мойындамай отыр",- делінген телесюжетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны