21.09.2010, 15:24 3523

Ақтөбеде химиялық қоспалар зауытында керосиннің буына уланған жұмысшы көз жұмды

Ақтөбеде химиялық қоспалар зауытында екі жұмысшы керосиннің буына уланып, олардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбеде химиялық қоспалар зауытында екі жұмысшы керосиннің буына уланып, олардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше қыркүйектің 20 күні сағат 10.35 "ЛАД" ЖШС-ға тиесілі зауыттың №15-ші өнеркәсіптік аймағында, әрқайсысы 60 текше метрлік цистерналарда тазарту жұмыстарын жүргізу барысында екі жұмысшы уланған. 51 және 56 жастағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізіліп, 51 жасар ер азамат есін жимастан көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны