14.12.2011, 12:48 3190

Ақтөбеде "Қазхром" зауытында бір жұмысшы мерт болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазхром" трансұлттық компаниясы Ақтөбе филиалының ферроқорытпа зауытында "Химстрой Ақтөбе" ЖШС-нің 43 жасар электр дәнекерлеушісі мерт болған.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде "Қазхром" зауытында бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазхром" трансұлттық компаниясы Ақтөбе филиалының ферроқорытпа зауытында "Химстрой Ақтөбе" ЖШС-нің 43 жасар электр дәнекерлеушісі мерт болған.

"13 желтоқсанда 12 с. 50 мин. Ақтөбелік ферроқорытпа зауытында (АФЗ) - "Қазхром" трансұлттық компаниясының аумағында № 1 балқыту цехінің кран маңындағы жолдарында көпірлі кран мен баған арасында "Химстрой Ақтөбе" ЖШС-нің 1968 жылы туған Денисов К. есімді электр дәнекерлеушісі қалып қойып, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны