05.03.2007, 17:54 3159

Ақтөбеде облыстың екі тұрғынынан үш килограмм героин тәркіленді

АҚТӨБЕ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде көліктегі батыс ішкі істер департаментінің қызметкерлері облыстың екі тұрғынынан үш килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне көліктегі батыс ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, есірткі таратты деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталған. "Полицейлер олардың екеуінен 2 кг 936 грамм героин тәркіледі",- деп түсіндіреді баспасөз қызметінен

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері күдіктілерден героинді 8 мың АҚШ долларына бақылау аясында сатып алу әдісімен қолға түсірген.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша (есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) қылмыстық іс қозғалды. "Егер ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің кінәлары дәлелденген жағдайда, оларға мүлкін тәркілеумен 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр",- деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны