30.11.2006, 13:27 6233

Ақтөбеде өрт салдарынан нәресте қыз бен оның үш жасар ағасы қаза тапты

АҚТӨБЕ. 30-қараша. Kazakhstan Today. Ақтөбедегі бір бағбандық кооперативте өрт салдарынан нәресте қыз бен оның үш жасар ағасы қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Өрт "Геофизик-2" бағбандық қоғамының саяжай аумағындағы вагончикте бейсенбіге қараған түні шыққан. Балалардың бағбандық қоғамда күзетші болып істейтін ата-аналары саяжайларды түнге қарай аралауға шыққан. Өрт шыққан сәтте вагонда үш бала - үш және жеті жастағы екі ұл мен бір айлық нәресте қыз болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жеті жасар ұлды ғана құтқарып қалды. Қалған екі баланың жанып кеткен мәйіті табылды.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны