12.07.2007, 14:24 2711

Ақтөбеде Өзбекстанның 13 азаматын азаптады деп айыпталған қылмыстық топқа үкім шығарылды

АҚТӨБЕ. 12- шілде. Kazakhstan Today. Кеше Ақтөбе қалалық соты Өзбекстанның 13 азаматына зорлық-зомбылық көрсетіп, азаптады деп айыпталған қылмыстық топқа үкім шығарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Батыс аймақтық көлік прокутарутасынан хабарлады.

Прокуратура ақпаратына сәйкес, басты айыпкер - "Атагер" монша кешенінің әйел қожайынын 13 адамды құлдықта ұстағаны, адамдарды бас бостандығынан айырғаны және адамдарды саудалап азаптағаны үшін сот 7 жылға бас бостандығынан айырды. "Ал сот қыз зорлады және адамдарды азаптады деп айып таққан әлгі әйелдің інісі 6 жылға кесілді. Оның екінші інісі тағы да осындай қылмысы үшін үш жылды арқалады", деп хабарлайды прокуратура.

Олар келтірген ақпарат бойынша, монша кешенінің тағы бір қызметкеріне жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтары мен адамдарды азаптағаны үшін айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал Өзбекстан азаматтарын "Атагер" монша кешенінің қожайынына сатқан ерлі-зайыпты жұптың әрқайысыс үш жылдан жаза жүктеді. Сотталғандардың бәрі де жазаларын жалпы тәртіпті абақтыда өтейтін болады. Сонымен бірге, сот әрдір жәбірленушінің пайдасына 50 мың теңгеден өндіріп алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір жыл бұрын Ақтөбелік құқық қорғау органдары адам саудасына қатысты дерекші әшкерелеген. Атап айтсақ, көліктегі батыс ІІД-нің қызметкерлері бір жергілікті монша кешенінің әйел қожайынын құрықтады. Ол өз мекемесінде Өзбекстанның 13 азаматын, соның ішінде 15 жасар қызды құлдықта ұстаған.

Тергеу барысында күдіктілердің шетелде жұмысқа орналастырамыз деген желеумен түрлі уақыттарда Өзбекстанның 13 азаматын өз елінен алып шыққаны белгілі болды. Жәбірленушілерді олар жолай бірнеше тұлғаға сатқан. Ал Ақтөбеде олар құрамында саунасы мен көлік жуғышы бар монша кешенінің қожайынына сатылған. Көліктегі батыс ІІД-нің хабарлауынша, монша кешенінде жалпы алғанда 18-28 жас аралығындағы 6 жігіт, 18-45 жас аралығындағы 6 әйел мен 15 жасар қыз "жұмыс істеген".

Тәртіп сақшылары сонымен бірге құлдықта болған әйелдердің екеуін монша кешенінің қожайынының бір туысқаны ұдайы зорлап келгенін анықтады, олардың біреуіне жергілікті медициналық мекемелердің бірінде жасанды түсік жасалынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны