28.09.2007, 18:04 3447

Ақтөбеде Пәкістан азаматы тоналды

Ақтөбеде Пәкістан азаматы тоналды

Астана. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қаласындағы ЖШС бірінде кеңесші болып жұмыс істейтін Пәкістан азаматы тоналды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шабуыл 26-қыркүйекте таңертең жасалған. "Белгісіз төрт адам Пәкістанның 31 жасар азаматының пәтеріне кіріп, газ баллонын қолданып, 478 мың теңге мен 25,3 мың АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған",- деді полициядағылар.

Кейінірек патрульдік кезекшілер мен Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні қолға түсірген. Олардың барлығы 18 - 24 жас аралығындағы Ақтөбе тұрғындары болып шықты, олардың бірі туристік фирманы басқарады. Ал күдіктілердің арасында 19 жасар қыз да бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны