05.04.2011, 17:10 3757

Ақтөбеде түйелер табынына келіп соғылған көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды

Ақтөбеде түйелер табынына келіп соғылған көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбеде түйелер табынына келіп соғылған көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Самара-Шымкент тасжолының 774-шақырымында адам өліміне алып келген көлік апаты болған.

3-сәуір күні түйелер табынына соғылған жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға Белогорка ауылы маңында болған. "Опель Вектра" көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп келе жатқан түйелер табынына соғылған.

Апат салдарынан Қобда ауданының 23 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы оқиға орнынан іздерін суытқан.

Түйешінің айтуынша, шетел көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп соғылған. Көлік апатының салдарынан бір түйе өліп, бесеуі жараланған

Аталмыш дерек бойынша бірқатар сот-автотехникалық сараптамалық және сот-медициналық сараптамалар белгіленген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны