30.04.2007, 16:37 6681

Ақтөбеде ұрланған адамның өтемақысына 3 млн теңге талап етілді

АҚТӨБЕ. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбеде тапсырыспен ұрланған жігітті қайтару өтемақысына 3 млн теңге талап етілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің ақпаратына сәйкес, ішкі істер органдарына Ақтөбенің 25 жастағы әйел тұрғыны шағым айта келіп, оның көңілдесін белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, өтемақысына 3 млн теңге талап еткенін жеткізген. Облыстық ІІД басшылығының тапсырмасымен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары адам ұрлаушылардың аты-жөні мен жасырынған жерін бір тәулікте анықтады. "Арнаулы қызмет жауынгерлерінің қатысуымен өткен операция ұрланған адамды мәжбүрлі ұстаған бір пәтерде 27-сәуірге қараған түні іске асырылды",- деді А.Иманғалиев. "Ұрланған адам ойдағыдай босатылды", деді ол.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, жәбірленушіні 41 жастағы бір кәсіпкер әйелдің тапсырысымен 27 және 30 жастағы бұрындары сотталған екі еркек ұрлап әкеткен. "Қылмыстың себеп-сылтаулары анықталу үстінде",- деді А.Иманғалиев.

Бүгінде ҚР Қылмыстық істер кодексінің "адам ұрлау жөніндегі" 125-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Кісі ұрланағандар уақытша тергеу абақтысында отыр.

Ақтөбе облыстық ІІД-нің хабарлауынша, бұл - өтемақы алу үшін адам ұрлауға қатысты осымен екінші оқиға. "Алғашқысында мектеп оқушысы қылмыс құрбаны болды",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны