19.03.2009, 09:27 1289

Ақтөбеде үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Ақтөбеде үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақтөбеде 312-ші атқыштар дивизиясы атындағы көшеде 18 наурызда сағат 21.10-да "Тойота", "Опель" және "Мицубиси" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 42 жастағы "Тойота" жүргізушісі мен оның 30 жастағы жолаушысы, сондай-ақ, "Мицубиси" көлігінде отырған 20 жастағы қыз бен 55 жастағы "Опель" жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды; ал "Мицубиси" көлігінде отырған үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны