28.02.2012, 10:19 4019

Ақтөбеде жасырын жұмыс істеп келген ойынхана әшкереленді

Бүгін облыстық ІІД-нің брифингісінде мәлім еткендей, тексеру барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық кешендерінің бірінен заңсыз жұмыс істейтін покер клубын анықтады. Онда 16 ойыншы, әкімші, 4 дилер, кассир және күзетші болған.

Ақтөбе. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде жасырын жұмыс істеп келген ойынхана әшкереленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 25 ақпанда Ақтөбе облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне Маресьев көшесінің бойында жасырын казино жұмыс істейтіндігі туралы анонимді телефон қоңырауы келіп түсті.

Бүгін облыстық ІІД-нің брифингісінде мәлім еткендей, тексеру барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық кешендерінің бірінен заңсыз жұмыс істейтін покер клубын анықтады. Онда 16 ойыншы, әкімші, 4 дилер, кассир және күзетші болған.

Мекемені тінту барысында ойын фишкалары, касса аппараты, 382 мың теңге көлемінде ақша, құжаттар мен чек жазылған дәптер алынды. Покер клубы өткен жылдың жазынан жұмыс істеп келген, келушілер кіру үшін 5 мың теңге төлеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны