06.02.2012, 12:45 3093

Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, екі адам зардап шекті

Атырау облысының Ырғыз ауданында "Самара - Шымкент" бағытындағы тасжолда 34 жолаушысы бар автобус пен "КамАЗ" көлігі соқтығысқан.

Ақтөбе. 6-ақпан. Kazakhstan Today Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау облысының Ырғыз ауданында "Самара - Шымкент" бағытындағы тасжолда 34 жолаушысы бар автобус пен "КамАЗ" көлігі соқтығысқан.

Көлік апаты Ырғыздан 90 шақырым қашықта орын алған. Жолаушылар автобусының 29 жастағы жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы рөлге ие бола алмай жол шетінде тұрған "КамАЗ" көлігімен соқтығысып қалған.

Апат салдарынан автобустың жолаушысы, Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы кеуде қуысына жарақат алса, Оңтүстік Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны жамбас сүйегінің сынығымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталмыш оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны