31.08.2011, 16:45 7848

Алаяқтық жолмен бөтен адамның депозиттік шотынан 69 млн теңгені қолды қылған қылмыскер ұсталды

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Алаяқтық жолмен бөтен адамның депозиттік шотынан 69 млн теңгені қолды қылған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агеттігінің хабарлауынша, өткен аптада Астана қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу барысында ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін күдікті 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"Тамыздың орта кезінде 38 жастағы жеке кәсіпкер екінші деңгейдегі банктегі өзінің депозиттік есебінен 69 миллион теңгені белгісіз біреудің алғаны туралы шағымданған болатын. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның кәсіпкердің депозиттегі шотынан 400 мың АҚШ долларын және 10 миллион теңгені алғаны анықталды. Күдікті депозиттегі шотты пайдалануға және оған иелік етуге сенімхатты қолдан жасаған екен. Алаяқ шоттағы қалған соманы алмақшы болып, келесі күні банкке келген сәтінде ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалып, осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - дейді Нұрділдә Ораз.

Бүгінгі күні сыбайластарын және оның ұрланған ақшасын іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл ретте жедел топ қызметкерлері қылмыс жасауға банк қызметкерлерінің де қатысты болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. "Айта кетерлігі, күдікті бұған дейін де тонау жасағаны және есірткі сақтағаны үшін бұрын сотталған, риэлтерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істеген екен", - деді Н. Ораз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны