20.02.2012, 16:02 2872

Алакөл көлінде мұз ойылып кетіп, балықшылар мінген бір көлік батып кетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан екі адам мерт болған.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Алакөл көлінде мұз ойылып кетіп, балықшылар мінген бір көлік батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан екі адам мерт болған.

Оқиға жексенбі, 19 ақпан күні сағат 07.30 Алматы облысы, Қамысқала ауылының маңындағы Алакөл көлінде орын алған. Ішінде балықшылары бар "ВАЗ" көлігі жағаны кесе өткен кезде мұз астына түсіп кеткен. Балықшылардың үшеуі судан өздері шықты.

Сағат 13:00-де ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметінің 4 адамнан және 1 техника бірлігінің күшімен су астына кеткен 1970 және 1985 жылғы екі балықшының денелері шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны