03.12.2008, 15:10 2516

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Алматыда Тимирязев көшесінде болған жарылыс салдарынан жеті адам зардап шекті

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Алматыда Тимирязев көшесінде болған жарылыс салдарынан жеті адам зардап шекті

Алматы. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алдын-ала мәліметке сәйкес, Алматыда Тимирязев көшесінде болған жарылыс салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазір құтқару жұмыстары толық аяқталған жоқ. Құтқарушылар зардап шеккендер саны одан да көп болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Өрттен бірінші қабаттағы пәтерлер, үйдің жертөлесі, ондағы дүкен мен дәмхана зардап шекті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда Тимирязев пен Иуезов көшелерінің қиылысында жарылыс болды.

Алдын-ала ақпаратқа сай, қиылыстағы дәмханада газ баллоны жарылған. Алматы өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт болған жерге 5 өрт сөндіруші машина барды.

Құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны