25.09.2009, 10:11 1628

Алматы әуежайына жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - ТЖМ

Алматы әуежайына жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - ТЖМ

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әуежайына жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы халықаралық әуежайына 24 қыркүйекте сағат 20.06-да "Эйр Астана"әуекомпаниясының Алматы мен Астана арасында қатынайтын ВС А-321 ұшағы, алдын-ала мәлімет бойынша, гидрожүйенің ақауы салдарынан апатты жағдайда қонды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшақта 159 жолаушы болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны