25.01.2010, 17:28 3100

Алматы әуежайына жолаушылар ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды

Алматы әуежайында жолаушылар ұшағы мәжбүрлі жағдайда қонды

Алматы. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы әуежайына жолаушылар ұшағы қайта келіп қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы әуежайынан бүгін жергілікті уақытпен сағат 08.05-те Алматы мен Астана арасында №851 рейс бойынша қатынайтын "Боинг-767" жолаушылар ұшағы ұшып шыққан. Ал сағат 08.40-та ұшақ әуежайға қайта келіп қонуға мәжбүр болды, оның қозғалтқышына құс келіп кіріп кеткен.

Мәжбүрлі қонудан ешкім зардап шеккен жоқ. Барлық 167 жолаушы Астанаға сағат 15-те ұшуға тиіс болған "Боинг-757" ұшағымен жолға шықты.

Ал ақаулы ұшақ шығынның көлемін анықтау үшін инженерлік-техникалық қызметке жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны