26.09.2008, 10:10 1501

Алматы ІІД-іне медициналық колледж ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті

Алматы ІІД-іне медициналық колледж ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы ІІД-іне медициналық колледж ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 25 қыркүйекте сағат 13.46-да ІІД-нің 02 пультіне Алматының Медеу ауданындағы Төле би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысындағы Республикалық медициналық колледждің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны