17.09.2008, 09:47 1318

Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті

Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 16 қыркүйекте 13 сағат 25 минутта Ішкі істер департаментіне Алматының Иуезов ауданы Жетісу-1 ықшамауданында орналасқан Қазақ жол қатынастары университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түскен.

Жүргізілген арнаулы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны