19.03.2009, 09:21 1534

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне бір колледж ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне бір колледж ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне бір колледж ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 наурызда сағат 13.18-де ІІД кезекші пультіне Алмалы ауданында Төле би көшесіндегі С.Рузуддинов атындағы Алматы Стоматологиялық колледжінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті.

Ғимараттан 230 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны