09.10.2006, 09:53 3154

Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының директоры парақор деген күдікпен ұсталды

АЛМАТЫ. 7-қазан. Kazakhstan Today. Алматыда арнаулы қызмет қалалық тұрғын үй басқармасының директоры Нұғман Асқаровты парақор деген күдікпен ұстады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "Литер" газетіне сілтеме жасап.

Шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты агенттікке қалалық ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі растады. Алайда, тергеуге байланысты баспасөз қызметі әзірге қандайбір түсініктеме беруден бас тартуда.

Бұл Алматыда кейінгі кездері ұсталған екінші шенеунік. Қыркүйектің басында парақорлық жөніндегі айып Түріксіб ауданының әкімі Владимир Васильевке тағылды.

ҰҚКД-нің ақпаратына сәйкес, "2006-жылдың тамыз айында Васильев бір фирманың басшылығын онымен аффилиирлік байланыстағы тағы бір жеке меншік кәсіпорынның банктегі есепшотына 1 млн. 240 мың теңгені Түріксіб ауданының мұқтаждығына деген желеумен металл прокатын сатып алуға деп аудартады". Алдын-ала тергеу барысында белгілі болғанындай, сатып алынған металл прокатты әкімнің әйелі "Самал-2" ықшамауданында жеті қабатты жеке меншік бизнесс-орталықты салуға пайдаланған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыс іздерін жасыру үшін Васильев 7-қыркүйекте ақшаны фирманың кассасына қолма-қол ақша түрінде қайтарған.

"Васильев осындай әрекетті 2005-жылы да жасаған", деп хабарлайды ҰҚКД-нің баспасөз қызметі. Ол кезде параның көлемі 1 млн. 431 мың теңге болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны