14.09.2009, 10:39 1395

Алматы қаласы, Ақмола және Қызылорда облыстарында жол апаттарынан төрт адам қаза тапты

Алматы қаласы, Ақмола және Қызылорда облыстарында жол апаттарынан төрт адам қаза тапты

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласы, Ақмола және Қызылорда облыстарында жол апаттарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда Сайын және Торайғыров көшелерінің қиылысында 13 қыркүйекте сағат 20.54-те "Тойота" көлігінің жүргізушісі ағашқа соғылып, сосын үш жолаушыны қақты.

Апат салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен 23 жастағы жүргінші қыз оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы мен екі жауы жүргінші ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, сол күні Ақмола облысының Макинка қаласының Бұланды ауданында, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Бесарық елдімекенінде болған жол апаттарынан екі адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны