31.01.2012, 16:18 7359

Алматы қаласында ірі көлемде есірткі сатумен айналысып келген қылмыскер ұсталды

Алматылық полицейлердің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің назарына түскен есірткі сатушысы бірнеше күн бойы бақылауға алынған, осы уақыт аралығында күдікті ұдайы есірткіге тәуелділерге марихуана, көкнәр сатып келген.

Алматы. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласында ірі көлемде есірткі сатумен айналысып келген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысып келген 30 жастағы Елена есімді келіншек қолға түсті.

Алматылық полицейлердің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің назарына түскен есірткі сатушысы бірнеше күн бойы бақылауға алынған, осы уақыт аралығында күдікті ұдайы есірткіге тәуелділерге марихуана, көкнәр сатып келген.

"Азаматша Е. 25 қаңтар күні кешкі сағат бестер шамасында Медеу ауданы аумағындағы жеке үйде өзінің тұрақты клиентіне 18 грамнан астам марихуана, ал тәулікке жетер-жетпес уақыттан соң ол дәл сол жерде жалпы салмағы 2 грамды құрайтын көкнәрдің бірнеше түйіншегін сатты. Мұнымен шектелмеген ол, есірткі заттарының тағы бір бөлігін көтерме саудамен 26 қаңтар күні сағат 16:00-де, яғни ол өзінің жекеменшік үйінде салмағы 1 келі 333 грамды құрайтын марихуананы сатты. Бұл фактілердің барлығы құжаттамаға бекітілді және осы қылмыстық істің толық мағлұматтары тіркелді. Жауап алу барысында Елена үш ай бойы есірткі құралдарын сатып келгенін бірден мойындады. Қазір оған қатысты 259 баптың 4 тармағына сай, есірткі құралдарын заңсыз сату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қолға түскен келіншек уақытша оқшаулау орталығына тоғытылды",- деді Алматы қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Денис Лоскутов.

Оның айтуынша, бұл әйел өзінің мұндай заңсыз іс-әрекетін күйеуі мен оның әке-шешесінің көзінше жүзеге асырып келген. Ұсталған азаматша бұрын-соңды ешқандай жауапкершілікке тартылмағанымен, ол бір кездері спиртті ішімдікке салынып, арнайы есепте тұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны