26.01.2012, 16:05 3411

Алматы қаласында таксист әйелді өз көлігінің ішінде зорлап, кейіннен оны тонап кеткен қылмыскер ұсталды

Жеке адам тасымалдаумен айналысатын 53 жасар әйел 24-қаңтар күні түнгі сағат екі жарымда жас жігіттің жәбірлеуіне тап болды. Көлікте клиент ретінде отырған жігіт аяқ асты таксист әйелге бас салып, ауыр соққыға жыққан, соңынан тұра сол көліктің ішінде жәбірлеген.

Алматы. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласында таксист әйелді өз көлігінің ішінде зорлап, кейіннен оны тонап кеткен қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, жеке адам тасымалдаумен айналысатын 53 жасар әйел 24-қаңтар күні түнгі сағат екі жарымда жас жігіттің жәбірлеуіне тап болды. Көлікте клиент ретінде отырған жігіт аяқ асты таксист әйелге бас салып, ауыр соққыға жыққан, соңынан тұра сол көліктің ішінде жәбірлеген.

Тергеу-оперативтік тобы бастапқы материалдарды жинастыру кезінде қылмысты бұған дейін өзгенің мүлкін ұрлағаны және тонау жасағаны үшін екі рет жауапқа тартылған Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінде тұратын 22 жасар жігіт жасағанын анықтады. Өзінің ресми шағымында зардап шеккен әйел, жоғарыда аталған қылмыстардан бөлек, А. есімді азаматтың ашық түрде жалпы сомасы 15 мың теңгені құрайтын оның екі алтын жүзігін иемденіп алғанын көрсетті.

Сол түні аудандық ішкі істер басқармасында ұсталған азаматқа қатысты зорлық көрсеткені үшін және тонау жасағаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны