21.02.2008, 18:00 3056

Алматы қаласының тұрғынынан ірі көлемде героин тәркіленді

Алматы қаласының тұрғынынан ірі көлемде героин тәркіленді

Алматы. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Құрылысшы ауылының тұрғынынан ірі көлемде есірткіні тәркіледі. Ер адам есірткі затын өзінің үйінде сақтаған, деп хабарлайды агенттікке Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.

" Ұсталған азамат полицияның көз қырына бір апта бұрын түскен болатын. Оны құрықтау үшін алдын-ала шұғыл тергеу жұмыстары жүргізілді. Есірткі сатушысына біздің қызметкер есірткіні сатып алушы ретінде барған ", -деп әңгімеледі Алматы қаласының ІІД есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Кебекбаев.

Үйдің ішін тексеру барысында шұғыл уәкілдері 80 аса кішкентай полиэтилендік орамдарды тапқан. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері металдық қораптың ішінен героин салынған екі орамның барын анықтаған.Сараптық қорытындылар көрсеткеніндей, тәркіленген героиннің салмағы 1келі 300 грамды құраған.

"Біз анықтағанындай, ұсталған Владимир героинді 30 мың долларға сатпақшы болған. Бүгінгі кезде есірткіге қарсы күрес басқармасы Алматы қаласына жеткізілетін және таратылатын арна жолдарын анықтауда", - деді Е. Кебекбаев.

Белгілі болғанындай, бұдан бұрын Владимир осындай қылмыстарды жасағаны үшін бос бостандығынан айрылған болаты. Оған қатысты Жетісу АІІД ҚР ҚК 259 бабы (заңсыз ірі көлемде есірткіні сақтау және сату)бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны