08.08.2011, 11:25 2674

Алматы - Қапшағай тас жолында автобус пен автомобиль соғылуы салдарынан 4 адам қаза тапты

Алдын ала мәліметтер бойынша, джип көлігі қарсы бағыттағы жолға шығып барып, рейстік автобуспен соқтығысқан. Соққыдан автобус аударылып, жолдан шығып кеткен.

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы - Қапшағай тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, кеше тас жолдың 45-ші шақырымында Алматы - Үржар бағытымен жолға шыққан "Мерседес" автобусы мен "Ниссан Патфайндер" автомобилі соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен автокөліктің екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, джип көлігі қарсы бағыттағы жолға шығып барып, рейстік автобуспен соқтығысқан. Соққыдан автобус аударылып, жолдан шығып кеткен.

Соқтығыстан кейін Қапшағай қалалық ауруханасына 14 адам жеткізілген. Олардың тоғызының жағдайы орташа дәрежеде ауыр деп бағаланып отыр. Олармен хирургия бөлімінің дәрігерлері жұмыс істеуде. Бір адам аса ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатса, үш адам үйлеріне қайтып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны