22.09.2011, 15:28 3233

Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар беру салдарынан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Кеше кешкі сағат 21:27-де Алматы қалалық ІІД пультіне "Астана" қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсіп, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Алматы. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар беру салдарынан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше кешкі сағат 21:27-де Алматы қалалық ІІД пультіне "Астана" қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсіп, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны