12.02.2008, 17:03 2930

Алматы маңында МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды

Алматы маңында МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды

Алматы. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы маңындағы Жетіген ауылына жақын жерде МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР қорғаныс министрлігіндегі ақпарт көздеріне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, ұшақ қонуға даярланған кезде құлап, бір ұшқыш қаза болып, екіншісі ұшақтан шығып үлгерген. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.

МиГ-29 ұшағы ҚР Қорғаныс әуе күштерінің алтыжүзінші гвардиялық әуе базасына қарасты. Оның экипажы жоспарлы ұшу жаттығуларын орындаған.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, апат болған жерде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп, ұшақ бортындағы жазбалар сақталатын қара "жәшік" табылды. Бүгін оқу-жаттығулар тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны