26.01.2016, 11:07 4787

Алматы маӊындағы Талғар шатқалында польшалық туристіӊ мүрдесі табылды

2016 жылдыӊ 26 қаӊтарында таӊертеӊ 09 сағат 20 минутта ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетініӊ Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ қызметкерлері Талғар шатқалыныӊ сол жақ бөктерінен жоғалып кеткен польшалық азаматтыӊ мүрдесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша ол қатты тоӊудыӊ салдарынан көз жұмған.

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы маӊындағы Талғар шатқалында польшалық туристіӊ мүрдесі табылды. Бұл туралы Алматы қ. ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 26 қаӊтарында таӊертеӊ 09 сағат 20 минутта ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетініӊ Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ қызметкерлері Талғар шатқалыныӊ сол жақ бөктерінен жоғалып кеткен польшалық азаматтыӊ мүрдесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша ол қатты тоӊудыӊ салдарынан көз жұмған. Жасақ қызметкерлері қазір туристіӊ мүрдесін "Каспий алаӊқайы" деп аталатын тікұшақ қонатын алаӊға алып келе жатыр. Оны медициналық мекемеге жеткізу үшін "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы іске қосылды", - деді С. Баймұханбетова, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кетелік, 25 қаӊтарға қараған түні сағат 02:25-те польшалық туристіӊ 24 қаӊтар күні таӊертеӊ сағат 10:17-де "Шымбұлақ" тау-шаӊғылы шипажайыныӊ маӊына серуендеуге шығып, қайта оралмағаны жөнінде ақпарат келіп түскен болатын. Ол нақты қайда баратындығын айтпаған. Оны іздеуге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетініӊ Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ 19 құтқарушысы, 1 техникасы және 1 кинологиялық топ жұмылдырылды. Сондай-ақ, Алматы қаласыныӊ құтқару қызметі жеке құрамыныӊ 12 адамы мен 5 техникасы және "Шымбұлақ" тау-шаӊғы шипажайыныӊ 4 құтқарушысы іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны