01.03.2012, 11:11 4116

Алматы маңындағы тауларда адасып кеткен туристің денесі табылды

"28 ақпан күні сағат 07.00 Алматы қаласы Батоғай су қоймасының жанындағы Ассы белдеуінен 2 автокөлікке мінген 4 адам жоғалып кеткен. Олардың бірі 1986 жылғы Кузенко П. өзі түсіп, басқалардың қалып қойған орынды көрсеткен".

Алматы. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Алматы маңындағы тауларда адасып кеткен туристің денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "28 ақпан күні сағат 07.00 Алматы қаласы Батоғай су қоймасының жанындағы Ассы белдеуінен 2 автокөлікке мінген 4 адам жоғалып кеткен. Олардың бірі 1986 жылғы Кузенко П. өзі түсіп, басқалардың қалып қойған орынды көрсеткен".

ҚР ТЖМ "РОСО" ММ (6 адам мен 1 техника) екі адамды (1984 жылы туған Сүлейменова Н. мен аты жөні анықталмаған қызды) тауып, қауіпсіз жерге көшірді.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, 29 ақпанда 21 с. 30 мин. 1983 жылы туған Юрьев А. есімді азаматтың мәйіті табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны