14.09.2007, 11:00 3033

Алматы мен Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар поезының қозғалысы бір вагондағы апат салдарынан үш сағатқа үзілді

Алматы мен Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар поезының қозғалысы бір вагондағы апат салдарынан үш сағатқа үзілді.

АСТАНА. 14 қыркүйек. "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". Қызылорда облысының Шиелі ауданында Шиелі-Қызылорда өткелінде Алматы мен Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар поезының қозғалысы бір вагондағы апат салдарынан үш сағатқа үзілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сағат 45 минутта Алматы мен Ақтөбе арасында қатынайтын № 33 жолаушылар тасымалдайтын поезының 3-ші вагонының дөңгелектер жұбы сыналанып қалған. Соның салдарынан темір жол көлігінің қозғалысы үш сағатқа үзілді.

"Құрбан болғандар мен зардап шекккендер жоқ, поездардың қозғалысы тоқтаған жоқ", - деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны