12.12.2006, 12:39 2698

Алматы мен Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елімізде екі жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматының Жетісу ауданында Рысқұлов даңғылы мен Аврора көшелерінің қиылысында 12-желтоқсанда 1 сағат 11 минутта "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі "Мицубиси" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі жарақаттан оқиға орнында опат болды.

Сонымен бірге Ақтөбеде Ибілхайыр хан даңғылында 11-желтоқсанда 12 сағат 36 минутта бағытты автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны