04.01.2008, 09:44 1590

Алматы мен Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тауып, екеуі жараланды

Алматы мен Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тауып, екеуі жараланды

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тауып, екеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қаңтарда Алматы облысында Алматы-Талғар тас жолының 10-шақырымында "Ауди" көлігінің жүргізушісі "Субару" автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан "Субару" көлігінде отырған жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды; екі жүргізуші де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге, 3 қаңтарда 19 сағатта Алматының Иуэзов ауданында "БМВ" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жедел жәрдем көлігі жеткенше жарақаттан қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны