18.08.2006, 09:53 2935

Алматы мен Алматы облысындағы екі жол апатынан алты адам қаза тауып, алтауы жараланды

АСТАНА. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы мен Алматы облысындағы екі жол апатынан алты адам қаза тауып, алтауы жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 18-тамызда Астана уақыты бойынша 2 сағат 40 минутта Алматы-Бішкек тас жолының 95-шақырымында "Volkswagen" және "ЗиЛ" автокөліктері соқтығысып қалды.

Апат салдарынан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.

Сонымен бірге 18-тамызда Алматының Иуезов ауданында 4 сағатта "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі "Мицубиси" автокөлігімен соқтығысып қалды.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны