12.01.2007, 10:42 2513

Алматы мен Қостанайда тоғыз адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың үшеуі қаза тапты

АЛМАТЫ. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы мен Қостанайда тоғыз адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың үшеуі қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы түбіндегі Заря Востока ауылында бүгін түнде бір жай үйде алты адамнан тұратын отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды. Олардың бәрі де, соның ішінде төрт бала ауруханаға жатқызылды.

Ал Қостанайда барак үлгісіндегі үйде үш адам көмірқышқыл газынан уланды. Олардың бәрі оқиға орнында жан тапсырған.

"Екі жағдайда да оқыс оқиға көмір жағатын пештің ақауынан болған",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны