03.06.2009, 10:13 1141

Алматы мен облыста күшті желден үйлер мен ауруханалардың шатыры жұлынып, бірқатар аудандардағы тұтынушылар жарықсыз қалды

Алматы мен облыста күшті желден үйлер мен ауруханалардың шатыры жұлынып, бірқатар аудандардағы тұтынушылар жарықсыз қалды

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен облыста күшті желден үйлер мен ауруханалардың шатыры жұлынып, бірқатар аудандардағы тұтынушылар жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 16.45-те Алматының Бостандық ауданында екпіні кей кездері секундына 12-14 метрге жеткен күшті желдің салдарынан бес қабатты үйдің 300 шаршы метр аумақтағы металл шатыры жұлынды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талдықорған қаласында сағат 18.10-да екпіні кей кездері секундына 13-15 метрге жеткен күшті оңтүстік-батыс желінің салдарынан ардагарлер саябағының маңында 110 Кв электр жалғастыру желісіне ағаш құлау салдарынан жарық үзілді. Соның салдарынан үш көшедегі тұрғын үйлер, сондай-ақ, Еркін ауылында 1500, Өтенай ауылында 1250 үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, күшті жел Абылайхан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 550 шаршы метр аумақтағы шатырын жұлып әкетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, Алматы облысының Қаратал ауданы Үштөбе қаласында кеше сағат 18.10-да екпіні кей кездері секундына 13-15 метрге жеткен күшті оңтүстік-батыс желінің салдарынан 110 Кв электр жалғастыру желісіне ағаш құлау салдарынан Гагарин, Коминтерн, Рысқұлов көшелеріндегі 250 жер үйдің тұрғындары жарықсыз қалды. Күшті жел Орталық аудандық ауруханананың перзентхана бөлімшесінің 200 шаршы метр аумақтағы шатырының бір бөлігін жұлып әкетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны