20.05.2009, 09:57 1556

Алматы мен "Шымбұлақ" спорткешені арасындағы жол таудың беткейі опырылуға байланысты жабылды

Алматы мен "Шымбұлақ" спорткешені арасындағы жол таудың беткейі опырылуға байланысты жабылды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен "Шымбұлақ" спорткешені арасындағы жол таудың беткейі опырылуға байланысты жабылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "19 мамырда сағат 15.40-та Іле Алатауында Кіші Алматы өзенінің бассейнінде, Медеу бөгетінің маңында Алматы мен "Шымбұлақ" спорткешені арасындағы жол бөлігінде Мохнатая тауының қия бетінде тау жынысы опырылып түскен.

"Оқиға канат бағаны тұрғызылып жатқан жерде, бұған дейін жарылыс жұмыстары жүргізілген тұста болған. Тау бөктерінің опырылып түсуіне осы жайт себеп болса керек. Опырылып түскен көлем 28 - 30 текше метрді құраған. Жолдың үстіне 18 - 20 текше метр тас -топырақ опырылып түскен. Қалған 10 текше метрін бөгет қабырға тежеп қалған. Опырылып түскен тас-топырақ қар бөгетті жартылай бүлдірген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, бұл жерде таудың қия беті тағы да опырылуы мүмкін деген қауіп бар.

"Ешкім зардап шеккен жоқ. Тазарту жұмыстары жүргізілгенге дейін жолмен жүруге болмайды. Тазарту жұмыстары мен қардың бөгетін жинау жұмыстарын Алматы қалалық селден қорғау басқармасының 6 адамы атқаруда," - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны