24.04.2018, 12:52 12636

Алматы облысы Кеген ауданындағы тау көшкіні бақылауда

Егер тау көшуі өзенніӊ аӊғарын жауып тастайтын болса, онда ауыр техниканыӊ және жару жұмыстарыныӊ көмегімен су жіберу жүргізілетін болады. Ол үшін "Қазгидрология", "Казвзрывпром" және бірқатар жобалық институттар мамандары тартылуда. Қазір елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Дегенмен қауіпсіздік үшін Көлсай өзендеріне апаратын жолдар жабылды", - деді сөзініӊ қорытындысында Тоқтар Баймолдаев.

Талдықорған. 24 сәуір. KazakhstanToday - ТЖ жөніндегі жедел штаб Кеген ауданы Саты ауылыныӊ маӊында тәулік бойы үздіксіз кезекшілік жасауды жалғастыруда. Оқиға орнында Алматы облыстық ТЖД-ныӊ жедел тобы жұмыс істеп, арнайы техника бағытталған. Жергілікті атқарушы органдар, күштік құрылымдар мен "Қазселденқорғау" ММ басшылығы тау қыртысыныӊ бұдан былайғы қозғалысын зерттеп жатыр, -деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"19 сәуірде тауға мал айдау үшін таӊертеӊ ерте тұрғанмын. Сол кезде мен тау бөлініп жатқанын байқадым және гүрілдеген дауыс қоса естілді. Лақтырылған тастардыӊ дыбысы да естіліп жатты. Мен қорқып кеттім. Ауыл әкіміне айту қажет деп шештім. Шамамен 20 минуттан кейін ауыл әкімі "Көлсай өзендері" ұлттық паркі директорыныӊ орынбасарымен бірге оқиға орнына келді. Бізге тез арада көшу қажеттігін айтып, біз уақытша көштік", - деді оқиғаға алғаш куә болған қойшы Меллат Сағадатұлы.

Атап өтсек, бүгінгі күні оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, төменгі Көлсай өзендеріне апаратын жолдар жабылды.

Қазіргі жағдай жөнінде ҚР ІІМ ТЖК "Қазселденқорғау" ММ басшысы Тоқтар Баймолдаев айтып берді. Оныӊ айтуынша, бүгінде тау көшкінініӊ жылдамдығы сағатына төрт метрден бір метрге дейінгі жылдамдықты құрап отыр.

"Опырылған жердіӊ көлемі 21 сәуірде 50 млн. куб, ұзындығы 1700 метр, ені - 900 метр болды. Тау топырағы Көлсайкөлініӊ аӊғарына қарай жылжуда. Өзен аӊғарын жауып қалу қаупі бар, ол тағы бір өзенді қалыптастыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін қажетті инженерлік шаралар қабылданып жатыр. Егер тау көшуі өзенніӊ аӊғарын жауып тастайтын болса, онда ауыр техниканыӊ және жару жұмыстарыныӊ көмегімен су жіберу жүргізілетін болады. Ол үшін "Қазгидрология", "Казвзрывпром" және бірқатар жобалық институттар мамандары тартылуда. Қазір елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Дегенмен қауіпсіздік үшін Көлсай өзендеріне апаратын жолдар жабылды", - деді сөзініӊ қорытындысында Тоқтар Баймолдаев.

Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, оқиға орнына қажетті техникалар жұмылдырылып, тиісті ведомстволардыӊ мамандары тартылуда. Оқиға орнындағы жағдай туралы сағат сайын облыс әкіміне хабарланып отыр. Жағдай авиация көмегімен жоғарыданда бақылануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны