28.06.2010, 11:25 3094

Алматы облысыда мектеп өртенді

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, түнгі сағат 02.30 музыка кабинетінен өрт шыққан. Тілсіз жау 42 шаршы метр аумақты шарпыған.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today Бүгін түнде Алматы облысының Ескелді би ауданы Бақтыбай аулындағы С. Сейфуллин атындағы мектеп өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, түнгі сағат 02.30 музыка кабинетінен өрт шыққан. Тілсіз жау 42 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 11 адам мен 3 техникадан тұратын күшімен сағат 03.40 сөндірілді",- деп айтылған баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны